Қырым полигонындағы өрт. 2 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

1699
Adyrna.kz Telegram

Киров ауданындағы оқу полигонындағы өртке байланысты Таврида тас жолы жабылды, деп хабарлайды "Адырна" Қырым басшысы Сергей Аксеновке сілтеме жасап жазады.

«Киров ауданындағы полигонға іргелес аумақтан төрт елді мекеннің тұрғындарын уақытша көшіру жоспарланған – бұл екі мыңнан астам адамды құрады. Жедел штаб орналастырылды, барлық профильдік қызметтер өз орнында жұмыс істеп жатыр», - деп жазды Ақсенов Telegram-дағы аккаунтында.

Mash Telegram арнасы оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатқанын жазады:

«Өрттен 5 шақырым радиуста орналасқан жергілікті тұрғындар соңғы екі сағатта жарылыс естігенін айтады».

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер