Қырымда Ан-26 ұшағы құлап, 29 адам мерт болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7oDoxwEuGAtKVe9Lv4IwWLZ1KE7Pr27p3TVhdAiS.webp

Қырым аумағында ресейлік Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, 29 адам мерт болды. Бұл туралы 1 сәуірге қараған түні Ресей қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 Әскери ведомствоның мәліметінше, бортпен байланыс 31 наурыз күні кешкі сағат шамамен 18:00-де үзілген.

«Іздестіру-құтқару тобы Ан-26 ұшағы апатқа ұшыраған орынды анықтады. Оқиға орнынан түскен мәліметке сәйкес, алты экипаж мүшесі мен борттағы 23 жолаушы қаза тапты», – деп мәлімдеді министрлік.

Сондай-ақ ұшаққа сырттан зақым келтіретін әсер болмағаны атап өтілді.

«Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, Ан-26 — орташа қашықтыққа әскер мен техниканы тасымалдауға арналған жеңіл әскери-көлік ұшағы. Бұл үлгі 1975 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Пікірлер