Түркістан облысы, жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы аса үлкен көлемде пара алды деп айыпталды. Бұл жайлы Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы.
Түркістан облысы, жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы мен сыбайласы күдікке ілінді. Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені айтылды.
Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері департамент басшысы мен сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Қаражаттың Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге жұмсалғаны айтылды.
Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.
"Адырна" ұлттық порталы