Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айтты

1697
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көп адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы akorda.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

– Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда қатты жауған нөсерден соң су тасып, көшкін болды. Мыңдаған адам эвакуацияланды. Ресми деректер 32 адам қаза тауып, ондағаны жоғалғанын жазды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер