Украинаның НАТО-ға қабылдануын Ердоғанның құптайтыны "тағы да" айтылды

1968
Adyrna.kz Telegram

НАТО мен Украинаға қатысты Ердоғанның ұстанымын Түркия президенті әкімшілігі, байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтын хабарлады. Ол Режеп Тайып Ердоғанның Украина саясатын қолдайтынын және НАТО құрамына қабылдануын құп көретінін еске салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Түрік президенті әкімшілігі, коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтын "Middle East Eye" журналына берген сұхбатында:

"Түркия үшін батыс лагерінде болу өте маңызды", - деді.

Сонымен қатар сұхбатта НАТО-ның географиялық кеңеюін "белгілі бір елге қарсы емес" сипатта болса Түркияның қолдайтыны, Альянстың әлемдік тұрақтылыққа қол жеткізуге ықпал ететін жан-жақты Қауіпсіздік Ұйымына айналғаны айтылды.

- Украинаның Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше болу мүмкіндігінің зор, Түркия бұл идеяны сөзсіз қолдайды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл туралы тағы Вильнюстегі НАТО саммитінің алдында айтқан еді, - деп еске салды автор.

Сқхбатта НАТО және Швеция мен Финляндия арасындағы байланыс та сөз болады. Оған қатысты:

 "Финляндия мен Швеция секілді кандидат елдерді сынға алғаны үшін Түркияны кінәлау дұрыс емес. Кінәмшілдер біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қайшы келетін бағытта НАТО-ның ауқымдануы мүмкін емес екенін ескеруі қажет. Бұл НАТО-ның "ғұмырлы болуына" қайшы келеді", - деп мәлімдеді Түркия президенті әкімшілігі, байланыс басқармасының басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер