Щучинскіде баланы құтқармақшы болған мектеп мұғалімі суға батып кетті

3071
Adyrna.kz Telegram

Щучинскіде 65 жастағы мектеп мұғалімі суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде қаза тапты. Ақпаратты Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы жағдай 12 шілде күні болған.

«1958 жылы туған азамат баланы құтқару кезінде суға батып кетті. Бала аман қалды, алайда ер адам өзін құтқара алмады»,—деді басқарма.

Александр Руденко Астанадағы №32 мектеп-гимназиясында алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. Мектеп әкімшілігі марқұмның туғандары мен жақындарына көңіл айтты.

«Ол жанашыр және мұқият адам болды. Өзінің тәжірибесі мен білімінің, іскерлігінің арқасында ұстаздар қауымының ғана емес, оқушылар мен ата-аналардың да сүйіспеншілігіне ие болды. Бұл – өте ауыр, мезгілсіз және орны толмас қайғы. Туғандары мен жақындарына көңіл айтамыз»,—деп жазды білім ордасы.

Пікірлер