- Журналист Әйгерім Тілеужанова – 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Қалас Нұрпейісов – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Нұрлан Дәлібаев – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Ермұхамет Шилібаев – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Жанайдар Кәрменов – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тілеужановаға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген (Қылмыстық кодекстің 272-бабы 1-бөлігі) айып тағылды. Нұрпейісовке жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды (ҚК 272-бабының 1-бөлігі), автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (ҚК 200-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы), тонау (ҚК 191-бабының 1-бөлігі), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (ҚК 269-бабының 3-бөлігі) баптары бойынша айып тағылды.
Дәлібаев, Шилібаев және Кәрменов жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты (ҚК 272-бабының 2-бөлігі) және ауыр зардаптарға әкеп соққан ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасады, оларды басып алды (ҚК 269-бабы 3-бөлігі) деп айыпталды. Сонымен қатар, Дәлібаевқа көлікті ұрлау мақсатынсыз иемденді (ҚК 200-бабы 2-бөлігі 3-тармағы) деген айып тағылды.
"Адырна" ұлттық порталы