Тоғыз банк құрдымға кетіп барады

1985
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Бұл ретте 9 банк құрдымға кету сатысында тұр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың басынан бері екінші деңгейлі банктің басшылық лауазымына 13 кандидатты бекітуден бас тартқан.
“Бағалы қағаздар нарығында қазір 49 субъект жұмыс істеуде.
Сақтандыру саласында 26 ұйым жұмыс істейді, 2022 жылдан бастап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына 11 кандидатты бекітуден бас тартты”, - делінген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдемесінде.

Құрдымға кетудің алдында тұрған банктер қатарында: Валюталық транзит банкі, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank, Capital Bank Kazakhstan бар.

Агенттіктің хабарлауынша нормативтік саясат жөніндегі консультативтік құжатқа сәйкес, микрокредит секторында 252 микроқаржы ұйымының микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар. Ал өткен жылдың басынан бері 17 компания лицензиясынан айырылып үлгерген.

Пікірлер