Алматыдағы барахолкада тағы да өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігі базардағы өрттің толық сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Өрт шыққаны туралы хабар сағат 12:00 түскен. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнына келген кезде "Кенжехан-2" киім-кешек базарының аумағындағы контейнерлік үлгідегі қоймадан өрт шыққаны анықталды.
Төтенше жағдайларды жедел жою жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің сөндірілгенін хабарлады.
“Сағат 12:52-де өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда”, – делінген хабарламада.
Үміт Шаяхметова БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарт желісінің Директорлар кеңесінің алғашқы отырысын өткізді