Әлеуметтік желіде оңтүстіктегі диқандардың еңбегі еш кетіп, маңдай тері ақталмай жатқаны хабарланды. Әлеуметтік желіде тараған видеода қауын-қарбыз бағасының құлдырап, шаруалардың қиналып отырғаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Нұркен Мұсаев есімді әлеуметтік желі қолданушысы мақтаралықтардың "мұң-мұқтажына" қатысты:
- Диқан-шаруалар тағы қанша жылайды? Мақтаарал ауданын су басқан кезде шаруалар көмекке заттар алып келген ауыр жүк көліктеріне капуста артып беріп жіберіп еді. Тегін. Себебі, сол жылы капустаға сұраныс болмаған.
Былтыр, мақтаның бағасы болмай шаруа қиналған еді.
Биыл кезек қауынға жетті... - деп жазды.
Автор шаруалардың баптап өсірген өнімдерінің өтпей жатқанын хабарлап, құны құлдырап кеткенін айтады.
Автордың мәлімдемесіне әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Әліпбек Бақтыбаев жауап берді. Оның айтуынша, қауын-қарбыз бағасының құлдырауына әсер етіп жатқан көп фактор бар.
- Екі үш күннен бері шаруашылықтардың басына барып, нақты орын алған жағдайларды көзбен көріп, билік өкілдеріне жеткіздік.
Алматы сауда департаментімен хабарласып Алтын Орда базарынан шаруаларға сату орындары қарастырылуда, облыстық Атамекен ұлттық палатасы, Облыстық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірге жұмыстануда. Сыртқы факторлар да белгілі, Ресейдің ішкі жағдайына да көп нәрсе байланысты боп тұр.
"Адырна" ұлттық порталы