Азиада. Қазақстан Өзбекстаннан қалып қойды

2257
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында медаль саны бойынша 11-ші орын алды, деп "Адырна" тілшісі КазТаг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында 80 медаль: 10 алтын, 22 күміс пен 48 қола медаль жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте еліміз үздік ондықтың қатарына кіре алмады. Яғни, Қазақстан құрамасы жиыны 11 орынға тұрақтады.

Жеңімпаз Қытай, екінші орынға Жапония жайғасса, Оңтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді.

Посткеңестік кеңістіктегі Азия ойындарының турнирлік кестесінің алғашқы ондығына енген жалғыз ел Өзбекстан болды. Ол спорт сайысында жалпы командалық есепте бесінші орыннан көрінді.

Пікірлер