Қарағанды облысында орманнан шыққан өрт жедел түрде сөндірілді. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен "Қазәуеорманкүзеті" күштерімен сөндірілді, - деп жазылған хабарламада.
Белгілі болғандай, болжам бойынша өрттің шығуына найзағай себеп болған. Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Әлихан Смайылов, Юрий Ильин және Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады
