Алматыға жақын Қытай аумағында жер сілкінді

1974
Adyrna.kz Telegram

Алматыдан оңтүстікке қарай 332 км қашықтықтағы Қытай аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен сағат 1:25-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 332 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 10.7.

MPV Магнитудасы – 4.6.

Эпиошақ координаттары - 40.22° с.е. 77.04° ш.б.

Тереңдігі – 15 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат: жоқ.

Пікірлер