Алматыда мотоцикл мен велосипед соқтығысты. Екі жүргізуші де қаза тапты

2545
Adyrna.kz Telegram

Алматының Медеуге апарар жолында мотоцикл мен велосипед соқтығысып, екі адамның ажал құшқаны хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Алматыдағы жан ауыртар жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы түнгі сағат бір шамасында Медеу ауданында болған.

«Мотоцикл мен велосипедтің соқтығысуы салдарынан екі көліктің де жүргізушісі қаза тапты. Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптамалар тағайындалды», - деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер