Патриоттық іс-шараға спортшылар мен мекеме қызметкерлерінен бөлек, қала тұрғындары да қатысты.
Тәуелсіздігіміздің нышаны саналатын рәміздер күні Алматыда ерекше атап өтілді. Мыңға жуық адам көк туымызды желбіретіп, велошеру ұйымдастырды.
Патриоттық іс-шараға спортшылар мен мекеме қызметкерлерінен бөлек, қала тұрғындары да қатысты. Олар 5 шақырымдай жерді жүріп өтіп, мәреге жеткенде мемлекеттік гимн орындалды.
«Қала тұрғындарының спорттық іс-шараға қатысқаны жақсы. Әр мейрам сайын осындай жарыс бола берсе екен», – дейді Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Еркін Қазыбаев.