Алматы облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 117 әйелге көмек көрсетілді

951
Adyrna.kz Telegram
ldpr.ru
ldpr.ru

Бұл тұралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының орынбасары Серік Сәрсенов баяндады.
Оның айтуынша, жыл басынан бері әйелдерге қатысты 1785 қылмыс жасалған. Оның ішінде, адам өлтірудің – 10;
· адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің – 3;
· адам денсаулығына орташа зиян келтірудің – 32;
· зорлаудың – 22;
· жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетудің – 16;

«Әйелдерге қатысты қылмыстың түрлері көп. Мұның ішінде денсаулыққа зиян келтіру, ұрлық, жалған хабарлама тарату, кісі өлімі, зорлау фактілерінің барлығы бар. 5 ай ішінде жыныстық зорлаудың 22, сексуальды сипаттағы әрекетке оқталудың 15 фактісі анықталған. Кәмілетке толмағандарға жәбір көрсетуде тиылмай тұр. Қылмыстық кодекстің 122-ші бабы бойынша 16 жасқа толмағандарға жыныстық және сол сипаттағы өзге де әрекеттер бойынша 12 іс ашылған. Балаларға да арам пиғылмен қол жүгіртудің өңірде 5 дерегі тіркелді», – дейді ПД-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Динара Аятбекова.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, өмірлік қиын жағдайларға түскен әйелдерге қолдау көрсету шаралары бойынша қазір әйел адамдармен жұмыс жасайтын 4 дағдарыс орталығы бар. Оның екеуі Қаскелеңде және Қонаев пен Жетігенде. Оның 1-і 35 орынға арналаған. Ол жақта 29 адамға қызмет көрсетіліп, 30-ға жуық бала мамандардың көмегіне жүгіне алады. Мұндай орталықтарда қазіргі кезде тек отбасылық киыншылықтарды көрген әйелдерге ғана емес, психологиялық депрессияда жүрген әйелдер қауымына көмектеседі. Қонаев қаласы бойынша, есептік кезеңде 45 адам жеткізілген, оның 30-ы балалар.

Қазіргі кезде, зорлық-зомбылық құрбандарын анықтауға бағытталған тұрақты рейдтер жүргізіледі. Сонымен қатар облыста 28 сенім телефоны жұмыс істейді.
«Хабар24» телеарнасында барлық сенім телефондары көрсетілген «Зорлық-зомбылық құрбандары» тақырыбында репортаждар бірнеше рет түсірілді.
Сонымен қоса, жергілікті атқарушы органдармен түрлі бейнероликтерге қаржы бөлу жұмыстары жүргізіліп, түсіндірме тақырыптарда билбордтар таратылып жатыр

Пікірлер