«Ауыл аманаты» жобасына 3,5 мың өтінім келіп түсті

1187
Adyrna.kz Telegram
opennews.kz
opennews.kz

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына 8,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Ауыл аманаты» жобасы тұрғындардың табыс көзін арттыру жолында баға жетпес рөл атқарады деген, Марат Елеусізұлы бүгінгі күнге 133 ауылдық округтен 3,5 мыңнан астам өтінім қабылданып қарастырылып жатқанын айтты.

Баспасөз мәслихаты барысында, Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы агроөнеркәсіп саласында құс бастарының саны мен құс етін өндіруде өңірдің көш бастап тұрғанын алға тартты.
Жалпы, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға ағымдағы жылы 34 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның ішінде 29 млрд. теңгесі субсидия үшін бөлінген.

Пікірлер