Астана күніне орай отшашу болмайды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әкімдік мәліметінше Астананың 25 жылдығына орай 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр екен
Биыл қала күніне орай отшашу болмайды. Алайда, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 90-ға жуығы - елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін, – деп жауап берді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтерлердің кілттері табысталады.
Айта кетейік, Астана күніне орай қазақстандықтар 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.
2020 жылы коронавирус пандемиясы Қазақстанда шырқау шегіне жеткенде Астана күнінде атылған отшашу әлеуметтік қатаң сынына ұшыраған еді. Содан бері осы күні отшашу болған емес.Ұқсас жаңалықтар
"Заң мен тәртіп"акциясы аясында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша "Kazakhstan Prevention Days" көрмесі өтті
