“Түк ішкен жоқпыз”. Қажылық компаниясына алданған жерлестердің жағдайы айтылды

7621
Adyrna.kz Telegram

«ZamZam Qazaqstan” қажылық компаниясы арқылы Мекке қаласына қажылық өтеуге кеткен жерлестердің жағдайы айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, «ZamZam Qazaqstan” қажылық компаниясы арқылы Мекке қаласына қажылық өтеуге кеткен 120 адам жалған құжатпен қамауда отырғаны айтылған болатын.

Қазір аймақтағы жерлестеріміздің жағдайы жайлы баяндалды. Айтуынша, үш күнге жуық уақыт полиция бөлімшесінің табалдырығын тоздырып, ешбірі нәр татпаған. Олардың арасында жасы келген ата-апалар да бар.

Барған қонақ үйлерінің де жағдайы мүшкіл, адам тұруға келмейтіні жайлы айтылды. Видеода жасы 82-ге келген апамыз көзіне жас алды.

“Адырна” ұлттық порталы тарапынан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне мәселенің мән-жайын анықтау бойынша сұрау салынып, ресми хат жолданды. Әзірше жауап белгісіз. Редакция оқиғаның барысын барынша бақылауға ұстайды.

Пікірлер