Кентау қаласында 58 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Олардың барлығы бір дәмханадан тамақтанған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол қазіргі таңда жоспардан тыс тексерудің басталғанын айтты. Оқиға 27 маусымда болған. Уланғандардың ішінде 27 бала бар.
«Тағамнан улану»диагнозымен 58 науқас тіркелді. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр»,—деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.