Александр Лукашенко «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің Беларуське келгенін растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «BBC»-ге сілтеме жасап.
«Иә, ол қазір Беларусь мемлекетінде. Кеше Владимир Путин уәде еткендей, қауіпсіздік кепілдігі берілді. Біз әлі лагерь салып жатқан жоқпыз. Бірақ егер қаласа, біз оларды орналастырамыз. Әзірге «Вагнер» Луганскідегі лагерьлеріне барды»,—деді президент.Айта кетейік, бұған дейін Ресей басшысы Владимир Путиннің вагнершілерге алғыс айтып, Беларуське баруды ұсынғанын жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Егер спектакль дейтін болсақ, одан кім не ұтты? Бұдан екі жақ та ештеңе де ұтқан жоқ. Ұтқан тек — Тоқаев. "Ресейдің ішкі шаруасы” деген Тоқаев азды-көпті бедел жинап алған сияқты.
