Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді, делінген хабарламада.Сондай-ақ, жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан президентінің - ресейлік, Ресей президентінің қазақстандық басылымға берген сұхбаттары жарық көрді
Путиннің шақыртуымен Мәскеудегі Жеңіс шеруіне 6 елдің басшысы барды. Арасында Қасым-Жомарт Тоқаев та бар
