ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: Ресейде саяси дағдарыс басталған сыңайлы... Ал Қазақстанға қалатыны — етек-жеңді жиып, шекараны қас-қақпай күзетіп отыру ғана...

2508
Adyrna.kz Telegram
Ресейде саяси дағдарыс басталған сыңайлы...
Осыған байланысты қырғыз саясаттанушысы Замирбек Осоров "Пригожин 200 жылдан астам бұрын Францияда қарулы бүлік нәтижесінде билікке келген Наполеонның тағдырын қайталауы мүмкін... Дегенмен, ол 1990 жылдардың басында Әзірбайжан мен Әрменстан арасындағы бірінші Қарабақ соғысында жеңілістерден көз ашпай бара жатқан соң майдан даласын тастап, танктерді Бакуге қарай бағыттаған Әзірбайжан Қарулы күштерінің қолбасшысы Сурет Гусейнов жасағанды жасайтын секілді. Нәтижесінде президент Елшібей елден қашып, билікке Әлиев келген болатын" депті...
Бұған өз жанымыздан қосарымыз...
Наполеон өз өмірін Әулие Елена аралында айдауда аяқтады..
Ал Гейдар Әлиевті Нахичеваннан шақырып, билікті қолына берген Сурет Гусейнов алғашқыда премьер-министр болғанмен, артынан үстінен іс қозғалып, шетелге қашты.
Бірақ Әзірбайжан билігі оны құтқармады.
Шетелден ұстап әкеп, соттап, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті...
Ал Қазақстанға қалатыны — етек-жеңді жиып, шекараны қас-қақпай күзетіп отыру ғана...
Пікірлер