ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Үндістан — Қытайға қарсы тұратын бірден-бір мемлекет. Байден — әккі саясаткер, соны жақсы түсініп отыр. Индия коммунистік Қытай емес.

2160
Adyrna.kz Telegram

Жалыққан жоқсыздар ма? Ендеше әрі қарай кеттік.

Наре́ндра Дамодарда́с Мо́ди визитпен АҚШ-қа келді. Индияның премьер-министрі. Байден оған бұрын-соңды болмаған құрмет көрсетті. Ақ үйде оны ең жоғары разрядпен қарсы алды. Ерекше киінген әскери парад, музыка, көптеген публика, т.с.с. Америкада көптен бері мұндай болмаған. Осылайша үш күн бойы оған құрмет көрсетілетін болады! Модидің өзі де аң-таң, аузының суы құрып әбден есі кетіп қалды.

Неге дейсіз ғой? Индия халқының саны жағынан Қытайды басып озды.

Экономикасы қарқынды дамып жатыр. Оған көп қару керек. Мұндай партнердің Батыс лагерінде болғаны дұрыс. Және ол Қытайға қарсы тұратын бірден-бір мемлекет. Индия Ресеймен жаман емес еді, енді оны өз жағына тарту маңызды. Оған шанс бар, Байден — әккі саясаткер, соны жақсы түсініп отыр. Индия коммунистік Қытай емес. Бұрын Британияның колониясы болған, оған демократия онша таңсық емес, сондықтан оны өз жағына тарту қиын емес. Сондықтан да Байден оны үш күн бойына Әлемнің қожасындай күтеді. Оған Байденнің ақылы жетеді ))).

 

Қуаныш Еділхантегі

Пікірлер