Халықтың ақшасына салынған ЭКСПО үйлері халыққа қайтарылсын!

1911
Adyrna.kz Telegram

Мына ЭКСПО үйлері өткенде бір сатылымға шыққан еді.Әлі өтпей жатыр ма? Әйтеуір бүгін тағы сайттарға шығыпты!!! Сол сайт сілтемелерін 30 шақты адам жіберді-ау..."Бұл үйге қатысты не ойлайсыз?" деп...

Ойымды айтар болсам, бұл үйлер ҚЫМБАТ!!! 1 ШАРШЫ МЕТР БАҒАСЫ 400.000 ТЕҢГЕ.

Бұл дегеніміз 1 бөлмелі 40 шаршы метрлік пәтер 16. 000.000 теңгеден басталады! Айналып келгенде қарапайым халық бұларды ала алмайды! ЭКСПО деп халықтың жиған-терген зейнетақыдағы ақшасының бір бөлігіне тұрғызылған мына үйлерді қайтадан халыққа шаршы метрін 400 мыңнан сату сорақылық!!!  Әр үйдің санаты - ЭКОНОМ класс.  "Бәйтерек девелопмент" елді жарылқап бөліп төлеу дейді де, 3 % жылдық мөлшерлемемен 12 жылға береді. Оның өзінде, 20 % бастапқы жарна (кемі 3.2 миллион) болу керек! емесе "Жилстрой", 7-20-25 арқылы алуға (7 %-бен) болады-мыс...

Сонда 12 жыл бойы ай сайын 1 бөлмелі пәтерге 103000-135000 теңге аралығында төлеуге тура келеді! (+Коммуналды қызмет, салық құны бар). Бұндай соманы қарапайым хылық қалтасы көтермейді. Халық ақшасына салынған үйді арзан бағада таратып беріңдер!!!

Естеріңізде болмаса, тағы еске түсірейін. осы ЭКСПО болар кезде, салынған үйлер қарапайым халыққа таратылып беріледі деген.. Бірақ...Бірақ...

Р. S. Менің ойым Сіздің ойыңызбен бір болмауы мүмкін! Бірақ, мен де өз ойымды айтуға құқылымын!

Дәулет Мұқаев

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер