Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Вьетнамнан келген кәсіпкерлерді қабылдады.
“Thanh Dat Group” компаниясының Бас директоры NGUYEN Dinh Chien мырза делегация құрамын таныстырып, 20 жылдық тарихы бар компанияның мүмкіндігі жайлы айтып өтті.Өз кезегінде, шетелдік инвестор Түркістан қаласынан қонақ үй ашу идеясын айтып, арнайы чартерлік әуе тасымалдарын ашу жөнінде ниетін білдірді. Айта кетейік, Thanh Dat Group - штаб-пәтері Вьетнамның Дананг қаласында орналасқан көп салалы экономикалық топ. Топ қызметінің негізгі бағыттары жылжымайтын мүлікке ауқымды инвестициялар, инфрақұрылымды дамыту, құрылыс, борыштық міндеттемелер саудасы, сондай-ақ Дананг қаласындағы әлеуметтік тұрғын үй жобаларына бірлескен даму және инвестициялар болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
Visa және Halyk Bank She's Next аясында өткен бизнес көшбасшылығы марафонының жеңімпаздарын жарияланды
