Шетелдік қызды кеудесінен итеріп жіберген алматылық полицей жұмысынан қуылды

3941
Adyrna.kz Telegram

Алматыда шетелдік қызды итеріп жіберген полиция қызметкері жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды "Адырна"  тілшісі.

Ақпаратты Алматы полиция департаменті растады.

"Алматы полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен полиция қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды. Ол осы салада аз уақыт ғана жұмыс істеді", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырған еді. Видеода полицей көлігінің есігін қалай жаппақ болғаны, бірақ бірнеше қыздар оған рұқсат бермей жатқаны көрінеді. Осыдан кейін ер адам олардың бірін итеріп жіберді. Оның бұл әрекетіне ашуланған шетелдік қыздар кейін адвокат талап еткен.

Бұл дерек бойынша қызметтік тексеру басталған. Кейін оқиғаның куәгері шетелдікпен болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

 

Пікірлер