12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

2609
Adyrna.kz Telegram

12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейде орманшылардың отбасымен кездесуде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз,– деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер