Басынан күн өткен. Павлодарда жоғалған жас жігіттің денесі табылды

2067
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда жоғалған жас жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Pavlodarnews жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым күні сағат 14:20-да Павлодар ауданында Коряковка ауылы маңында тұзды көл жағасынан 2003 жылы туған жігіттің денесі табылған.

– Алдына ала болжам бойынша марқұмның басынан күн өкен. Жанында олимпиадалық рюкзак, ұялы телефон және құлаққап болды, – деді департамент.

Еске салсақ, Рауан Махмудов 7 маусым күні Павлодар қаласында үйінен белгісіз бағытта қызыл жолақтары бар қара велосипедпен шығып кеткен, рюкзагы болған. Куәгерлер оны Успен тасжолында көргенін айтқан.

Ал ріктілер екі күн қатарынан сол жақтағы бүкіл ауылдарды аралап шыққан.

 

Пікірлер