Қазақстанда жұмыссыздардың шынайы көрсеткіші статистикалық деректен әлдеқайда алшақ, дейді Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.
Оның сөзінше тәуелсіз сараптама қорытындысы жұмыссыздықтың екі есеге жоғары екенін анықтаған.
«Жұмыссыздық деңгейі кейінгі 5 жылда 5% шамасында сақталып отыр. Бұл көрсеткішке ешкімнің сенбейтіні анық. Алайда, тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 9-10%-дан кем емес. Бұл – кемі 900 мың адам деген сөз, яғни екі есеге көп. Ал бюджеттен бөлінетін қаржы тек уақытша жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық тиімділікті сақтау үшін жұмсалып отыр», - деп атап өтті депутат.
Ол сондай-ақ, халықтың тұрмысы төмендегенін, азық-түлік керісінше қымбаттағанын айтып, Үкіметтен оған қарсы шара қолдануды талап етті.
«Халықтың несие алу деңгейі де өте жоғары. Мысалы 2022 жылы тұтынушылық несие – 30 процентке, яғни 13,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдермен шамалас қаражат. Яғни, аталған көрсеткіш – халықтың төлем қабілетінің төмендеуінің көрсеткіші», - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Адырна" ұлттық порталы