Тоқаев: Назарбаевтың пікіріне басымдық берілетін болады

2192
Adyrna.kz Telegram

Астанада 20 наурызда парламенттің бірлескен отырысында ант беріп, Қазақстан президенті қызметін атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "құрметті сенатор" мәртебесін беруді ұсынды.

"Тұңғыш президенттің суреттері қоғамдық мекемелерде, мемлекеттік қызметкерлердің кабинеті мен білім беру мекемелерінде міндетті атрибут ретінде қала береді. Елбасының өмірлік қажеттілігі "Тұңғыш перзидент туралы" заңға сәйкес қамтамасыз етіледі, оның қызметтік құрылымдарының барлығы сақталады" деді Тоқаев.

Бұған қоса Тоқаев "стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде елбасының пікіріне басымдық берілетінін" мәлімдеді.

Ол бұған дейін мемлекет астанасының атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуді ұсынған.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді. Ол президент ретінде қол қойған соңғы жарлыққа сәйкес, Назарбаевтың президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылды.

"Азаттық" радиосы

Пікірлер