Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы солтүстік пен шығыс өңірлерге 8600 адам көшірілмек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы qazaqstan.tv-ге сілтеме көрсете отырып.
Оның 2800-і Қызылжар өңірінде қоныстанады. Жыл басынан бері теріскейге 260 отбасы табан тіреді. Биылдан бастап, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу мақсатында 4 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады.
Яғни, бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады. Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүтік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Ұлттық идея берік орнауы үшін ұлттың ана тілі күнделікті қолданысқа енуі қажет" - Нұрлан Наурызәлиев