Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Еуропалық Одақ көшбасшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежайда Қазақстан Президентін Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.
Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Түркіменстан премьер-министрінің орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп күтілуде.