Тоқаев: «Қаланың игіліктері де барлық тұрғындарға бірдей қолжетімді болуға тиіс»

2670
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік астананың өзіне тән түйіткілдеоі бар. Бұл туралы Мемлекет басышсы Алматы халқымен кездесуінде ашып айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алматының тарихи орталығы – өмір сүру үшін аса қолайлы жер. Қажетті нәрсенің бәрі жақын жерде орналасқан. Алайда, орталықтың өзіне тән түйткілдері бар. Атап айтқанда, коммуналдық жүйе тозып барады. Ғимараттар бір-біріне өте тығыз орналасқан. Жолдарда кептеліс көп»,-деді Президент.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы шеткері аудандардың дамуы тым кенже қалып отырғанын басып айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, шаһарда әлеуметтік нысандар жетіспейді.

«Жұрт серуенге баратын саябақтар тапшы. Негізінен жер үйлер көп салынған. Тіпті, қыс айларында қара түтін қаптайды. Азаматтардың демалысын пайдалы өткізетін қоғамдық орындар аз. Көлік және инженерлік инфрақұрылым да жеткіліксіз»,- деді Тоқаев.

Ол өз сөзінде әкімдіктің басты міндетінің бірі – орталық пен шеттегі аудандардың арасында пайда болған осы теңсіздікті жою екенін тарқатып айты.

«Қала – бәріне ортақ. Сондықтан, қаланың игіліктері де барлық тұрғындарға бірдей қолжетімді болуға тиіс», -деп сөзін түйіндеді Президент.

Пікірлер