Президент жарлығы. Қазақстанның бас прокуратурасының құрылымы өзгерді

2067
Adyrna.kz Telegram
Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР бас прокуратурасының құрылымын өзгерту туралы президент жарлығына қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құрылымы төмендегідей болмақ:

- Басшылық;

- Аппарат;

- Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі (жаңа қызмет);

- Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі;

- Қоғамдық мүддені қорғау қызметі;

- Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі (жаңа қызмет);

- Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі;

- Кадрлық жұмыс департаменті (бұрынғы кадрларды дамыту департаменті);

- Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұрынғы ішкі тергеу департаменті);

- Стратегиялық даму департаменті;

- Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті;

- Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті;

- Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаменті;

- Қаржы департаменті;

- Мемлекеттік құпияны қорғау басқармасы;

- Ішкі аудит басқармасы;

- Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы.

Айта кетейік, ведомство құрамынан арнайы прокурорлар және қылмыстық қудалау қызметтері алынып тасталған.

Жарлық қол қойған күннен, яғни 23 мамырдан бастап күшіне енді.

Пікірлер