"Әсіре діншілдер рухани құндылықтарымызға балта шауып жатыр"

2777
Adyrna.kz Telegram

Ақын, қоғам белсендісі Мерген Тоқсанбай әлеуметтік желіде қазақша толғаудағы мәтін сөздерін ауыстырған баспаға наразылығын жазды, деп хабарлайды "Адырна". Жазба Facebook желісінде жарияланды. 

Оның айтуынша Доспамбет жыраудың толғауындағы "Тәңірі" сөзі "Алла" деп ауыстырылған. Бұған дейінгі баспаларда дұрыс нұсқада берілген өлең, жаңа баспаларда "әсіре діншілдердің" ісімен ауысып кеткен дейді.

"Сөз қадірін білетін әр қазақ Алла деген қос буынды сөздің Тәңірінің деген төрт буынның орынын толтыра алмай, өлеңнің әуезін, ритмын бұзып тұрғанын көре алады. Кәдімгі жамау сияқты. Бұл сөз жоқ кітап баспасындағы редакторлардың ісі" деп қосты ол.

Возможно, это изображение текст

Пікірлер