Қызылордаға әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бюджеттен 53 млрд. теңге бөлінді

3127
Adyrna.kz Telegram

Биыл Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысын дамытуға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 53 млрд. теңге бөлініп, ірі жобалар жүзеге асуда.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

Аймақ басшысының бастамасымен облыс орталығында бір мезетте қатарынан үш бірдей ғимараттың іргетасы қаланды. Олар: 1,6 млрд. теңгені құрайтын «Неке сарайы», 3,7 млрд. теңге болатын 1000 орындық «Көпфункционалды кешені (өнер орталығы)» және 2,8 млрд. теңгені құрайтын «Облыстық қан орталығының» құрылыстары.

Жерлесіміз, белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығының құрылысы жүруде. Бұл нысан шілде айында пайдалануға беріледі.

Инфрақұрылымдық әлеуетті дамытуда Болат Өтемұратовтың қолдауымен құны 31 млн АҚШ долларыболатын «Қорқыт ата» әуежайы жаңа терминалының құрылысы  басталды. "Accent Development Solutions" ЖШС-ті жұмысты ақпан айында бастады. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың мамыр айы.

«Қазгермұнай» Ұлттық компаниясы басшылығы заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» жобасын қолға алды. Одан бөлек, шаһарымызда 200 төсектік жаңа перинаталдық орталықтың құрылысы басталады. Қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының да іргетасы қаланды. «Акса энерджи» түрік компаниясымен бірлескен жұмыстар 2025 жылы аяқталып, жаңа нысан ел игілігіне беріледі.

Қалада бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстары жүруде. Бұл ауқымды жобаларға республикалық және облыстық бюджеттерден 27 млрд 510 млн теңге бөлінді. Осы нысандардың құрылысы аяқталысымен, баспана кезегіндегі тұрғындарға пәтер кілттері табысталып, сұраныс қанағаттандырылады. Ескеретін жайт, құрылыстағы биылғы ерекшелік Сол жағалаудан 7 қабатты 6 үй бой көтеруде.

Бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар,
300 төсектік көпбейінді аурухана (онкологиялық бөлімшесімен) салуға республикалық және облыстық бюджеттерден 3 млрд. 272,4 млн. теңге бөлінді (жоба құны 36,8 млрд. теңге).

Тасбөгет кентінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға облыстық бюджеттен 542,1 млн. теңгеқаралды.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарлануда. Оның бесеуінің құрылысы биылғы жылы басталады.

Сол жағалаудан 400 орындық және 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернатының құрылысы жүргізіледі.

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ

12 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 773,8 млн. теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кетті.        

 ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫ

Бәйтерек тұрғын ауданына «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 384,7 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (мердігер «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС).

Бұдан бөлек, Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 320,5 млн. теңгебөлініп, жұмыстары жүруде. (мердігер «Гүлнұр МК» ЖШС).

Қаланың басты көшелерінің бірі саналатын С.Бейбарыс көшесін (Н.Назарбаев даңғылынан «Қызылорда-Құмкөл» трассасына дейін) қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд. 349 млн. теңге бөлініп, 4,2 шақырымы жаңғыртылуда (мердігер «УАД» ЖШС).

Бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалпы құны 12 млрд. теңгеге қала мен оған қарасты кент және ауылдық округтердегі 238 көше жөнделуде (165 шақырым).

Сырдария өзенінің сол жағалауында басты көше жолының Батыс Европа-Батыс Қытай дәлізімен жанасатын жеріне көлік айырығын салуға республикалық және облыстық бюджеттерден 5,7 млрд. теңгебөлініп, бұл жұмыстар биылғы жылы толығымен аяқталады.

ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ

Биылғы жылы жылу желілерін қайта жаңғыртуға 8 жоба әзірленді. Оған республикалық бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойындағы жылу құбырларын жер астымен жүргізуге  5,2 млрд теңгесі қаралды. Жұмыстар басталып кетті.

АБАТТАНДЫРУ

19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін
(34 шақырым) облыстық бюджеттен 690 млн. теңге бөлінді. Жұмыстың 80 пайызы орындалды. 7 көшеге бордюрлер орнатылып, қиыршық таспен толтырылып, асфальт төселуде.


Қала аумағындағы
17 көпқабатты тұрғын үй аулаларын күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен 300,0млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

С.Бейбарыс көшесін абаттандыруға республикалық бюджеттен 1 млрд. 741,7 млн теңге (Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін) бөлінді. Қазір мұнда қызу жұмыстар жүруде. (мердігер «ТехоснасткаРемсервис» ЖШС).

САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 

Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд. 791,4 млн. теңгеге санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Қызылорда тазалығы» және Қызылорда су жүйесі» мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында биыл 28 дана арнайы техника алуға 1 млрд. 162,9 млн. теңгебөлінді (10 камаз, 2 трактор, 2 погрузчик, 6 FAW, 3 ассенизатор, 2 пылесос, 1 насос, 1 газель, 1 хайс).


2022 жылы 525,6 млн. теңгеге 11 дана арнайы техника алынды

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫ

Өткен жылы 1 млрд. 434 млн. теңгеге «Қызылорда автобус паркіне» «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алынды. Биыл аймақ басшысының тікелей қолдауымен тағы 150автобус алуға 1 млрд. 434 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

АУЫЗ СУ ЖӘНЕ КӘРІЗ СУ ЖЕЛІЛЕРІ

Биыл тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 3 млрд. 791 млн. теңге қаралды. Зерделеу бойынша анықталған аумақтардағы желілер жаңаланып, қосымша жұмыстар жасалынады.

Одан бөлек, ең ірі жоба - Бәйтерек тұрғын ауданындағы тұрғын сектордың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына былтырғы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. теңгеге 7 дана ұңғыма, 3 дана резервуардың құрылысы аяқталды.

Бұл арқылы «Бәйтерек» және қосымша Шанхай, КБИ тұрғын аудандарында орналасқан жеке тұрғын үйлер тұрақты қысымды сапалы ауыз су мен қамтамасыз етіледі.

ГАЗ ЖЕЛІСІ

Ақсуат ауылдық округін газдандыру жобасы аяқталды. Құны 4 млрд 960 млн теңге болатын бұл құрылыс сапалы әрі мерзімінде жүргізілді. Сонымен бірге, Қосшыңырау ауылдық округінің Абай, Досан елді мекендеріне де газ желісі тартылуда. Бұл жобаға республикалық және  облыстық бюджеттерден 662,7 млн.теңге бөлінді.

Пікірлер