1 қаңтардан бастап қазақстандық балалар мемлекеттен жәрдемақы алады

3779
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/izobrazhenie_2023-05-24_130032812.png
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс депутаттарының Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасын қарауға кіріскенін, мәлімдеді "Адырна" порталы.
Аталған заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асады. Жаңа заң Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасы бойынша әзірленуде.
"Бұл – Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасының негізгі бастамаларының бірі.  Аталған бастама туралы Президент былтырғы жылдың 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауында айтқан болатын" деп жазды Ерлан Қарин.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасыжас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді.
 
Пікірлер