Біләш кім?

2571
Adyrna.kz Telegram

Жалпы "мен кіммін?" деген сұрақтар ұлыларға тән...
Ол кім-күнделікті өмірдің сауалы.

Құзар шыңнан қарағанда

Серікжан Біләш - болашақ қазақ президенті болуы мүмкін!
Сіз тыңдаңыз...
Біздегі авториталы режим жаттың билікке араласуына себеп болуда. АҚШ, Ресей, Қытай ішке енді.  Марқұм Нағашыбайдың сотқа баруынан деталь көремін.  Австриядан кетіп қалған Гитлер Мюнхен оқиғасынан кейін осындай сотта сөйлеген.  Қалай сөйледі десеңізші!
Біләш - Қазақ тапталған елден келді.  Ызалы, кекке толы кеудесі бар.
Бүгінгі америка газетіне қарағанда оған алаңдар топтар шетте де бар! Алтынорда ұрпақтарын неге Қытайға қарсы салып көрмеске.
Ақшаға сатымсақ біздің билік - көніп те қалуы мүмкін. Санкциялармен тұсаса. Біләштің танкісі - біздікі еместігі анық. Қазақстан арқылы СНГ атты сенделме ұйымды сынап көру ойда жоқ емес болар, Ердоғанның қонған атының тұяғы да арғы құрлықта секілді.
Ал Біләштің бізде тумағандығы Обама, Гитлер,  Мадура жанында не?

Орта бел

Біләш шынында да Қытай жобасы. Баяғыдағы "ашылып-сайрау" сценариі бойынша жүрген. Жаны алқымға келген кезде Жунго азаматы болып шыға келетін. Қалың қойды қасапқа бастар, өзі аман қалар-серке.
Жал тауып шыққанда, бізді жаһаннамға жіберер-жендет.
Қытай тілін оқып жатқан қазақтың келесі көсемі, тозбас туы. Бұл да мүмкін.

Жақын жер

Тағдыры сәтті алаяқ. Қонаевтің қасында жүріп жол тапқан ербике секілді қу. Айы оңынан туған тулақ.

Белгісіз... Бұл бізге сын, таласпай тосайық.
Билікке де сынақ осы.
АҚШ-та апасы,Қытайда қорасы,Кремльде көкесі барлар сарып кетер сары жұртпыз ба?
Біләш кім?
Біз кім?
Азаматқа бостандық.
Бөлінбелік-бірігуге бейімделейік.

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер