НҰРБЕК ТҮСІПХАН: Затулинді кеше "Қазақстан кеденшілері елге кіргізбей қойды" деп жазған еді біраз блогер мен кейбір БАҚ. Бірақ оның бүгін Байқоңырда теннис ойнап жүргенін ешкім "көрмей" қапты.

2728
Adyrna.kz Telegram
Ресей думасының депутаты Константин Затулинді кеше "Қазақстан кеденшілері елге кіргізбей қойды" деп жазған еді біраз блогер мен кейбір БАҚ. Бірақ оның бүгін Байқоңырда теннис ойнап жүргенін ешкім "көрмей" қапты.
Оның баспасөз қызметі (көмекшілері) Затулиннің Қазақстанға кіруі сыртқы істер министрліктері деңгейінде шешілгенін хабарлады.
Кейін оның Байқоңырда жүргенін жазды. (Суретте тура сізге қарап тұрған кісі)
Затулин былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ДНР мен ЛНР-ді Қазақстан мойындамайды" дейтін әйгілі мәлімдемесінен соң шамданып, "Қазақстан Украинаның аяғын құшады" деген еді.
Пікірлер