Әлеуметтік желіде Мұхтар Шахановқа қатысты жалған ақпарат тарады

145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ns1FdWVLSb2siEkK2xTWYc0MDrKgycggBqkSO4UF.jpg

Әлеуметтік желіде соңғы күндері «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген пікірді ақын Мұхтар Шаханов айтты деген ақпарат кеңінен тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

Аталған пікірдің рас-өтірігін анықтау мақсатында ақынның жары Ханшайым апаймен тілдескен едік. Оның айтуынша, бұл сөздерді Мұхтар Шаханов жазбаған және ақын әлеуметтік желілерді пайдаланбайды. Осыған байланысты тараған ақпараттың негізсіз екені белгілі болды.

Қазіргі таңда қоғам үшін ең маңыздысы — ел ішіндегі татулық пен халық арасындағы бірлікті сақтау.

Айта кетейік, ақынның мемлекеттік тілге қатысты шынайы көзқарасын өз аузынан тыңдағысы келгендер үшін толық нұсқасы бейнематериалда ұсынылған.

Пікірлер