Өткенде американың «Forbes» журналы ақшасы көп әлемнің ең бай адамдарының тізімін түзіп шықты. Сөйтіп 2019 жылдың рейтингісі бойынша дүниедегі ең бай адам – Джефф Безос деп танылған. Оның байлығы – 131 миллиард долларды құраған.
«Forbes» тізіміндегі 5 бай
Amazon интернет желісінің негізін қалаушы Джефф Безос осымен екінші жыл қатарынан әлем ауқаттыларының көшін бастап отыр. Былтыр оның байлығы 100 миллиард долларға тең болса, биыл 131 миллиардты құрапты.
Биылғы тізім бойынша әлемнің ең жас кәсіпкері – 21 жастағы Кайли Дженнер деп танылған. Ол ғарыш саласында кәсіп етіп жүріп 1 миллиард доллар пайда тапқан. Ал нәзік жыныстылардың ішінде ең ауқаттысы Бетеанкур Мейерс дейтін француз келіншек болған. Ол жалпы тізімде 15-орында тұр. Атақты L'Oréal-дың мұрагері. Оның активтері 50,7 миллиард долларды құраған.
Жиған-тергені миллиард доллармен есептелетін ауқаттылардың тізімі биыл 55 адамға азайған. Былтырғы тізімде 2208 адам болса, биыл 2153 адам ғана миллиард доллардық дүние жиған екен. Айтпақшы, әлем ауқаттыларының дүние-бай лықтары да былтырғы жылмен салыстырғанда әжептәуір азайын ғанған екен. Былтыр барлық бай-бағланның дәулеті 8,7 триллион долларды құраға, биыл жалпы сома 400 миллиард доллардың төңірігенде ғана болған. Рейтингте жаңа миллиардерлердің қатарына 195 адам қосылған екен, тағы.
Әлемнің ауқаттыларының қатарында қазақстандық кәсіпкерлер де жоқ емес. биыл бұл тізімге бес бірдей қазақстандық кәсіпкер кірген. Енді солар туразы аз кем сөз шығарайық. Дүниенің дәулерінің қатарына бізден кімдер қосылған? Білмесеңіз біле жүріңіз...
Владимир Ким
Қазақстан байларының көшін Влаимир Ким бастапты. «Forbes» тізімінде Влаимир Ким 424-орында тұр. Оның байлығы 4,5 миллиард доллар деп көрсетілген екен. Былтыр оның ақшасы 3,1 миллиард доллар болған. Ал тізімде 766-орында тұрған.
Болат Өтемұратов
Әйдік тізімдегі екінші қазақстандық Болат Өтемұратов. Оның жиған-тергені 3,4 миллиард долларға бағаланған. Сөйтіп жүріп жалпы тізімнің 645-сатысына жайғасыпты. Айтпақшы, бір жылдың ішінде Бөкеңнің байлығы 800 миллион долларға өскен екен. Былтыр Болат Өтемұратов бұл бізімде 2,6 миллиард доллар ақшасымен 924-орында тұрған.
Динара мен Тимур Құлыбаевтар
Онан кейінгі сатыда Динара мен Тимур Құлыбаевтар тұр екен. 715-орында бұл отбасы өзара бөліскенге ұқсайды. «Forbes» журналы бұл екеуінің ақшасын есептесе, әрқайсысының шотында 3,1 миллиард доллардан ақша бар екен. Айтпақшы Құлыбаевтар отбасымен бірге 715-орында АҚШ Президенті Доналд Трамп та тұр екен. Доналд Трамптың да дүние-мүлкі 3,1 миллиард долларға бағаланған екен.
Адильжан Ибрагимов
Қазақстандық бестікті Адильжанее Ибрагимов түйіндепті. Жаһандық тізімде Әдекең 1008-орынға жайғасқан. Оның байлығы 2,3 миллиард долларды құраған. Айтпақшы, Әдекең былтыр 1070-орында болған.
Міне, солай. Осы жерде айта кетейік, «Forbes» тізіміне енген Қазақстан байларының жалпы қаржысы 16,4 миллиард долларды құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда біздің бестік 2 миллиард долларға байыпты. Бұл жыл сайын америкалық «Forbes» журналының жыл сайын жасайтын тізімі. Биыл осымен 32-мәрте түзіліп отыр.
Анығында Қазақстанның байлығын басып жеп отырған бұл бесеуі ғана емес. Жаңағы «Forbes» журналының Қазақстандағы өкілдігі былтыр ғана еліміздегі ең ауқатты 50 байдың тізімін түзіп шыққан. Олар кімдер? Білмесеңіздер біле жүріңіздер, біз әлгі әйдік тізімге көз жүгіртіп шыққанды жөн деп таптық.
Алғашқы бестікті жоғарыда атап айттық. Әрі қарай әлемдік тізімге енбесе де әжептәуір байлық жинап үлгерген 45 адамды рет-ретімен жазайық.
6.Рашит Сәрсенов
$735 000 000 (Нефтетрейдинг, металлообработка, финансы)
«Нұрбанк» АҚ-ның 84,45 % акциясы дәл осы Рәкеңе тиесілі. Бұдан бөлек «Гелиус» жанармай бекеттері мен «Виктория» сақтандыру компаниясы да Рәкеңнің меншігінде. Павлодардағы KSP Steel және «Кастинг» зауыттарының акциялары, Көкшетаудағы «Көкше-цемент» пен Ақтаудағы труба шығаратын зауыт және «Caspian Riviera» қонақ үйі де Рашит Серсеновтің иелігінде.
«Vita» дейтін ауыз су шығаратын зауыт та, «Французкий дом» сауда желісі де, «Beautymania», «Imperial Home», «Планета красоты» сауда желілері мен «Дибек» ат клубы толығымен Рәкеңе тиесілі. Ол аз десеңіз, Рәкең Алматы құрылыс және менеджмент колледжі мен Каспий университетінің де акционері.
- Дәурен Жақсыбек
$700 000 000 (қаржы)
Дәкең қазір «Ценсна Корпорациясы» АҚ-ның 36,75% акциясын иемденіп отыр. Бұдан бөлек, «Голд продукт» АҚ-ның ірі акционері. «Унитрейд» ЖШС 9,99%-ын, «Азия авто» АҚ-ның 30%-ын, «Тахмид Air», АҚ-ын, «Капитал секьюритиз» ЖШС-ны басқарады. Австриялық «DZ FO Office Verwaltung», «Gobland», «Tides Immobilienverwaltung» компанияларына және БАӘ-де тіркелген «DAZ Investment Consultancy» компанияларына қожалық етеді.
- Кеңес Рақышев
$691 000 000
Рақышев 2018 жылдың басында «Petropavlovsk» алтын кенінің 22,42 % акциясын сатып алған. «SAT & Company» холдингінің 77,72 % акциясы, «Standard» сақтандыру компаниясының 16,1% акциясы мен «NetElement» компаниясының 18,3% акциясы Кеңес Р ақышевке тиесілі. Бұдан бөлек, Кеңес РаҚЫШЕВ қр Дзюдо Федерациясын басқарады.
9.Бақытбек Бейсеитов
$571 000 000
Бәкең 2018 жылы бір кездері өзі құрған «Банк ЦентрКредит»АҚ-ның мажоритарлы акционері атанды.
«АИФРИ Orient Investments» АҚ-ның 100% акциясы мен «Caspian Services Inc.» мұнай компаниясының 88% акциясы Бейсеитовтің меншігінде.
10.Нұрлан Смағұлов
$450 000 000
Нұрлан Смағұлов «Астана групптың» жалғыз қожайыны. Ал «Астана групптың» құрамына «Астана моторс» (11 әлемнің автобренді) мен MEGA сауда желілері кіреді (MEGA Alma-Ata мен MEGA Park Алматы, Астанадағы MEGA Silk Way).
Нұрекең сондай-ақ, Жаңа Зелендиядағы Қазақстанның құрметті консулы. «Атамекен» ҰКП-ның президиум мүшесі.
- Еркін Тәтішев
$410 000 000
- Қайрат Боранбаев
$391 000 000
13.Владислав Ким
$374 000 000
- Айдын Рақымбаев
$370 000 000
- Олег Новачук
$352 000 000
- Айгүл Нуриева
$350 000 000
- Сейтжановтар отбасы
$331 000 000
- Александр Белович
$324 000 000
- Данияр Абулгазин
$317 000 000
- Ғалымжан Есенов
$295 000 000
- Вячеслав Ким
$288 000 000
- Серік Тульбасов
$285 000 000
- Дінмүхамет Ыдырысов
$280 000 000
- Александр Клебанов
$263 000 000
- Айдан Карибжанов
$254 000 000
- Мұқашевтар отбасы
$248 000 000
- Сергей Кан
$222 000 000
- Нұралы Әлиев
$219 000 000
- Эдуард Ким
$205 000 000
- Сержан Жұмашев
$200 000 000
- Орифжан Шадиев
$177 000 000
- Бахаридин Аблазимов
$167 000 000
- Берік Қаниев
$166 000 000
- Юрий Пак
$166 000 000
- Анатолий Балушкин
$165 000 000
- Қайрат Сатыбалды
$163 000 000
- Ерболат Апсалямов
$151 000 000
- Александр Гарбер
$125 000 000
- Ержан Достыбаев
$117 000 000
- Бауыржан Исабаев
$115 000 000
- Қанат Көпбаев
$110 000 000
- Нұрбол Сұлтан
$94 000 000
- Алмас Сұлтанғазин
$91 000 000
- Төлеген Балғымбаев
$90 000 000
- Ибрагим Акдрашев
$88 000 000
- Яков Клебанов
$84 000 000
- Асхат Омаров
$83 000 000
- Қайрат Мажибаев
$82 000 000
- Арманжан Байтасов
$81 000 000
- Алмас Мыңбаев
$80 000 000
Түйін. Міне, біздің қазақтан, Қазақстаннан шыққан 50 байдың есім-сойы осы. Осылардың әрқайсысы аты дардай дәу кәсіпті домалатып отыр. Бірі қазақтың мұнайын, бірі газын, бірі суын, бірі нуын, бірі алтынын, бірі басқасын басып жеп, миллион долларлық байлық жиғандар. «Байдың асын байғұс қызғанадының» керін келтіргіміз жоқ.
Дегенмен, осынша бай-бағланды баптап шығарған Қазақстан халқының 5 пайызы күресін кезіп күн кешуде. Ол аз десеңіз, 18 миллион халықтың 1,5 миллионы баспанасыз босқындар қатарына қосылған. 1,5 миллионға жуық адам қуықтай ғана қирауық тамды жалға алып жүріп күнелтуде.
5 миллиардер мен 45 миллионерді әлемдің байлардың қатарына шығарған Қазақстанда көп балалы аналар 20 800 теңге жәрдемақы алады.
Жоғарыдағы 50 байдың өлгенінде 100 миллион долларға жуық ақшасы бар. Әшекейлеп Астана саламыз. Миллиардтаған теңге жұмсап халықаралық форумдар өткіземіз.
Осыншама байы мен байлығы бар Қазақстанның Астанасында айдың күні аманында балалар қирауық тамда түтінге тұншығып көз жұмып жатыр. Ал біздің 50 байымыз бар. Біз сондай мықтымыз ғой, шіркін...
Серік Айдынұлы
"Адырна" ұлттық порталы