Пропагандаға тұнған шеру. Қызыл алаңда Жеңіс күніне арналған жиын өтті

2661
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуде, Қызыл алаңда, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 78 жыл толуына байланысты әскер шеру өтті. Биылғы әскери шеру алғаш рет көшедегі үлкен экрандардан көрсетілді.  Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "Дождь"  арнасына сілтеме көрсете отырып хабарлайды.  

Ресей билігінің бұл жылғы шеруді насихаттауға мықтап кіріскені байқалады. Әскери шеру мен салтанатты жиынның тікелей көрсетілімі Мәскеу метросындағы вагондарда насихат алып жатыр.

Биылғы шеруге жеті елдің басшысы қатысты. Олар: Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, сондай-ақ Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Александр Лукашенко.

Олардың ішінде "ресми сапармен" Мәскеуге елден бұрын барған қырғыз президентінен басқасы өз сапарларын "жұмыс сапарлары" ретінде көрсеткен. Дегенмен, "жұмыс сапары" жосынында олар Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысуда.

Қызыл Алаңдағы cалтанатты шеру лезде аяқталды. Жиын шамамен 45 минутқа созылды. Шерудің әуедегі көріністерінен тұратын бөлігі болған жоқ.

Еске сала кетейік, өткен жылғы салтанатты шеруге бір де бір елдің басшысы бармаған болатын. Кремль оның себебін Мәскеуде ауқымды жиын ұйымдастырылмады деп түсіндірді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер