"Ұмай" әйелдер ипотекасына өтінімдер қабылдау басталады

2160
Adyrna.kz Telegram

10 мамырда «Отбасы банкі» ұсынған «Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды "Адырна". Бұл туралы «Отбасы банкі» Instagram парақшасында хабарлады.

Бағдарламаның шарттары:

— айлық табыс 550 000 теңгеден аспаса — 15% бастапқы жарна;
— егер табыс 550 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін болса, бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% құрайды;
— сатып алынатын тұрғын үйдің максималды құны — 30 млн теңге;
— несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме — 14,4%, кейінірек ол 3,5% — 5%-ға дейін төмендейді;
— несиелеу мерзімі — 6 айдан 25 жылға дейін;
— баспананың алғашқы және қайталама нарықтан таңдауға болады;
— пәтерді жөндеуге 3,7 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Өтініш беру үшін банк бөлімшелеріне немесе банктің кеңес беру орталықтарына баруға болады.

Сондай-ақ өтініш беруші otbasybank.kz порталында онлайн тіркеле алады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер