Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң бөлімшесі делегацияларының кездесуі

6246
Adyrna.kz Telegram

2023 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң бөлімшесі делегацияларының кездесуі өтті.

Кездесуді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Закарья Күнсұлу ашты. Өз сөзінде, Қытай ғылымының халықаралық деңгейдегі қарқынды дамуына және жетістіктеріне тоқталып, қысқа мерзімде ғылым мен технология салаларына бөлінтін қаржының жалпы көлемін, сонымен қатар, ғылыми мақалалар мен озық ғылыми технологиялар және инновациялық өнімдерді өндіруші ретінде жаһандық көшбасшыға айналғанын атап өтті.

Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң бөлімшесінің вице-президенті Чен Ши мырза өз сөзінде Қазақстанның ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындары, оның ішінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен экология және агротехнология бағыттары бойынша ғылыми ынтымақтастығының нәтижелеріне тоқталды. Жеткен жетістіктерге қосқан үлесі үшін  ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Күрішбаевтың еңбегін бірегей екендігін ерекше атап өтті.

Тараптар ғылымды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оның ішінде қазақстандық студенттер үшін Қытай үкіметінің ғылыми гранттарын және ғылыми қызметкерлер үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру маңыздылығын ескерді. Кездесу қортындысы бойынша тараптар нақты бірлескен жұмыстарды әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа келді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер