Алматыда «AMANAT» партиясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, партия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Қайырымдылық жәрмеңкесінде әлемнің әртүрлі елдерінің асханаларынан тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, мерекелік жәрмеңке барысында қазақ, орыс, өзбек, армян, ұйғыр, күрд ұлттарының ансамбльдері қатысқан ойын-сауық концерттік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы іс-шараның экологиялық жағынан таза өтуіне көңіл бөлді. Онда қалдықтарды жинауға арналған арнайы экоконтейнерлер орнатылды.
Іс-шара соңында сатудан түскен барлық қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысатын «Тағдыр» мүгедек балалардың отбасылық клубына жіберілетін болады.