"Qazaqstan" ұлттық арнасының "Жедел желі" бағдарламасына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тікелей эфир барысында қоғамның сандық сауатын қалыптастыру, IT мектеп, ақпараттық қауіпсіздік, интернет сынды мәселелер талқыланды.
- IT мектепте оқыған әрбір адам үшін мемлекеттен 600 мың теңге бөлініп жатыр. Көбісі мұнай саласында қызмет етсем, жақсы жалақы аламын деп ойлайды. Бірақ IT мамандығымен өз мүмкіндігіңе сай 2000-3000 доллар жалақы алуға болады. Қазақстанда отырып-ақ шетелдік алып технологиялық компанияларда жұмыс істеуге болады, - деді Мусин.
Сонымен қатар, министр Отанымызда экспорттық IT өнімнің де артып келе жатқанын мәлімдеді. Ақпараттық өнімнің 3 жыл ішінде 10 есе өскенін хабарлады.
- IT индустриямыз дамып жатыр. Сондықтан жастар бұл бағытқа бет бұруы керек, - деді министр.
"Адырна" ұлттық порталы