Серік Күдебаев: Әйелдерге, балаларға оқ атпадым

2324
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев сотта өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кінәмді мойындамаймын, халқыма, әйелдер мен балаларға оқ атпадым. Азаптау болмады»,—деді ол.

Еске сала кетейік, Талдықорғандағы облыстық сотта Күдебаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысының үстінен екі қылмыстық іс қозғалған.

«Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі 1,3,4 тармақтары және 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Бұл - азаптау және билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері»,- деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.

Пікірлер