Қазақстанда екі жаңа банк құрылуы мүмкін

2166
Adyrna.kz Telegram

Елімізде жаңа банктерді ашу талаптары жеңілдетілмек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазір микроқаржы ұйымдары екінші деңгейлі банктер ретінде құрылуы мүмкін. Бізде екінші деңгейлі банк ретінде құрылуға талпынып отырған екі ірі микроқаржы ұйымы бар, олар - KMF және Solva микроқаржы ұйымдары. Олардың қомақты сомадағы портфелі бар. Капиталдарының жеткілікті деңгейі қазірдің өзінде банк ретінде тіркелуге мүмкіндік беріп отыр», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Пікірлер