Америка құрама штаттарында қос күмәнді жүк сөмкесін Ресей елшілігінің алдына тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақпарат арналарының хабарлауынша, дүйсенбі күні азиялық ажарлы әйел қос жүк сөмкесін елшіліктің алдына қалдырады. Ол сәл ғана, сегіз минут көлемінде тынығып, тыныстап тұрған кейіп танытып, кейін жүктерін тастап кеткен.
Оқиға орнына жеткен дипломаттар бірден құқық қорғау органдары қызметкерлері мен жарылыс құралдарын барлаушы мамандарды шақыртқан. Айналадағы камераларға таспаланған әйелдің жиынтық бейнесі жасалып, іздестіру шаралары қолға алынған.
Қазір АҚШ құпия қызметінің мамандары "қатерлі жүк сөмкесін өңгерген арудың" соңына түскені хабарланды.
"Адырна" ұлттық порталы